Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Түркістан облысында әлемдік Әйелдер коорперативі құрылмақ

01 Июня 2022
- Туркестанская область
6459 просмотров

 

 

 Биыл облысымызда алғаш рет әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылған болатын. Орталықта  кәсіпкер әйелдер мен кәсіп ашуға ниетті азаматшалар тегін кеңестерін алып, семинарларға да қатысып жүр. Соның аясында бүгін, әйелдер кәсібін нығайтуға байланысты “Әйелдер коорперативтерін құру” тақырыбында тренинг өтті. Бұл бастамаға USAID Кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен және «Арнұр Кредит» шағын несие ұйымымен серіктестігі қолдап отыр. Тренингке қатысқан ханымдар өз кәсіпкерлігін дамытумен қатар ұйыммен жұмыс жасауға бағытталған кеңестерді тыңдады.

          Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен «Арнұр Кредит» шағын несие ұйымымен серіктестікте ұйымдастырылған тренингтер арқылы әйелдер кооператив құруға дайындығына қарай экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге қызығушылық танытумен қатар практикалық көмек алады.

USAID бағдарламасы Орталық Азиядағы жеткізу тізбегіне біріктіру үшін жаңа кооперативтерді дамытуға қолдау көрсетеді.

       Еске салайық, алғашқы тренинг 2022 жылдың 31 мамырында өтті, оған «Арнұр Кредит» шағын несие ұйымының қарыз алушылары қатысты.

Кіріспе тренинг 2022 жылдың 17 мамырында өтті, оған Орталық Азияның түкпір-түкпірінен 69 қатысушы қатысты. Әйелдер кооперативінің нысандары, өңірдегі кооперативтердің дамуына байланысты проблемалар мен тәуекелдер, оларды шешу жолдары қарастырылды.

 


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры