«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі кәсіпкерлермен бірлесіп сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараға Қазығұрт, Жетісай, Мақтаарал аудандары, Арыс қаласының палата қызметкерлері, сондай-ақ «Гүл Гүл бөбекжай» бақшасы, «Оразалы-Ата» балабақшасы, «Айналайын» балабақшасы қатысты. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Өңірлік кеңес мүшесі Ерболат Мырзабеков, Төлеби ауданы Өңірлік кеңес мүшесі Сәкен Маженов те өз үлестерін қосты.
Акция аясында кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен өңір кәсіпкерлері өз мекемелерінің аулаларын тазалап, айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, сенбілік барысында талдар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Палата директоры «Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама екенін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға белсенді түрде тартуға бағытталған. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2024 жылдың сәуір айында қолға алынған болатын. Аталған акцияның басты мақсаты – қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру, табиғатты аялау мәдениетін дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау көзқарасын нығайту. Түркістан облысының кәсіпкерлері бұл бастаманы қолдап, өңірді көркейтуге өз үлестерін қосуда. Экологиялық тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан мұндай сенбіліктердің тұрақты түрде өткізілуі табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға оң ықпал етеді, - деді Асылан Ибадуллаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: