Павлодарлық әскерилердің көп балалы отбасылары «Атамекен» палатасы мен бизнестің жаңа жылдық сыйлықтарына ие болды
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына 99225 әскери бөлімінің қолбасшылығы балаларға тәтті сыйлықтар алуға көмек көрсетуді өтінді.
Әскерилер сұраған көмек 16 көп балалы отбасыға қатысты болды. Олардың әрқайсысында төрт-алты бала тұрады, барлығы 70 бала. Бұған дейін «Атамекен» ӨКП шотына облыс кәсіпкерлерінен қайырымдылық қызметіне ерікті түрде қаржы аударылған болатын.
Сауда желілерінің бірінен 70 тәтті-дәмділер сатып алынды. Оларды әскери бөлімге жеткізді.
"Дәмді сыйлықтар алатын барлық көп балалы отбасылар Павлодар мен оның ауылдық аймағында тұрады. Тәттілер жаңа жылдық шыршаларда беріледі", - дейді Павлодарлық "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: