«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төлеби аудандық филиалында кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 04 Желтоқсан
- Түркістан облысы
342 просмотров

Жиынға аудандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы және бизнес өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасын сайлау, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, Өңірлік кеңес құрамына делегаттарды сайлау, бизнестің проблемалық мәселелері және салаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Аудандық кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі.

Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.

       
Отырыста ашық дауыспен Төлеби аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрайымы болып  Амиралиева Айгерім Алиевна сайланды. 

Жиында Кеңес мүшелеріне оның функциялары мен ережелері таныстырылып, алдағы 2025 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, бекітілді. Кәсіпкерлерлік кеңес мүшелері тарапынан бизнестің проблемалық мәселелері көтеріліп талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер