«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы: білім беру және медицина салаларын қаржыландыру мәселелері талқыланды

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Түркістан облысы
1614 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Білім беруді және медицинаны дамыту» салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде салалық кәсіпкерлер кеңесінің тұрақты мүшелерін және кеңес төрағасын бекіту мәселесі қаралды.

Кеңестің тұрақты мүшелері бекітіліп, мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы 2025 жылдың қараша айына дейінгі мерзімге Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы «Білім және медицина» салалық кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы ретінде ЖШС «Turkistan Bolashak Gimnaziiasy»  директоры Бегалиева Шолпан Маратовна бекітілді.

 Күн тәртібінде мемлекеттік тапсырыстан дербестендірілген қаржыландыруға көшу алгоритмі, Түркістан қаласы балабақшаларының қараша және желтоқсан айларына жан басына шаққандағы қаржыландыру көздері, мемлекеттік сатып алу порталына жеке мектепке дейінгі ұйымдардың қатысу шарттары, «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан жекеменшік мектептерге төлемнің кешігу себептері мәселелері қаралды. Аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында хаттамалық тапсырмалар берілді.

Кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі. Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер