Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы жаңа қадамдар
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында «Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі» салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде салалық кәсіпкерлер кеңесінің тұрақты мүшелерін және кеңес төрағасын бекіту мәселесі қаралды.
Кеңес мүшелерінің қолдауымен, кеңестің тұрақты мүшелері қайта жасақталып, ашық дауыс беру арқылы 2025 жылдың қараша айына дейінгі мерзімге Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы «Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі» салалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы ретінде ЖШС «Қазына Жер LTD» директоры Ахметов Алымжан Абсаттарұлы бекітілді.
Сонымен қатар, кеңес отырысында агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуға арналған ұсыныстар мен мәселелік сұрақтар талқыланды. Кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі. Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
- Экспортталатын өнімге берілетін «Фитосанитариялық сертификат» алу мерзімін жеделдету (сақталу мерзімі қысқа жидек дақылдары үшін).
- «Фитосанитариялық сертификат» алу тәртібін шаруаларға түсіндіру жұмыстары.
Нәтижесінде, шаруалардың шағымдарын ескере отырып, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен, кәсіпкерлерден және тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы өңірдегі фитосанитариялық ахуалды жақсарту мақсатында кеден бекеттерінің, лабораториялардың және методикалық орталықтардың жұмыстарына мониторинг жүргізуді шешті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: