Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс және ТКШ кеңесінің кезекті отырысы өтті
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.
Отырыс барысында ашық дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы болып ЖШС «Барс құрылыс» директоры Ислам Мадина сайланып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар талқыланды. Хаттамалық шешімге сәйкес, кеңестің 15 тұрақты мүшесі бекітілді.
Жиында кеңес мүшелері ұсынған мәселелері қаралды - сатып алу, салық, құрылыстағы материалдардың сметасы және басқа да сұрақтар бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.
Кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі.
Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Кеңестің маңыздылығына тоқталды.
«Бұл отырыс – кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды қадам. Алдағы уақытта да біз өңір кәсіпкерлері үшін тиімді жұмыс жасауға бар күшімізді саламыз», – деді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: