«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандарда көшпелі кездесулер басталды

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Түркістан облысы
1021 просмотров

Бүгін қалалық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиынға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша директорының орынбасары Ербол Ауелбеков, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтары бойынша директорының орынбасары Зухра Амирова, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық және Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай, сонымен қатар Арыс қаласының кеңес мүшелері қатысты.

Ербол Ауелбеков Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау тәртібін түсіндіріп өтті.

Сайлау салалық және аудандық кеңестердің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілері арасында тікелей дауыс беру арқылы өтеді.

Кандидат бола алатындар:
Салалық және аудандық кеңес мүшелері.

Маңызды талаптар:
    1.    Кандидат салалық кеңестің мүшесі болғанына кемінде бір ай болуы керек.
    2.    Кандидатураны тек бір кеңестен ғана ұсынуға болады.
    3.    Сайлау өткізу үшін кеңес мүшелерінің үштен екісі қатысуы қажет.
    4.    Барлық өтінімдер Өңірлік комиссия мен «Атамекен» ҰКП сайлау комиссиясының тексеруінен өтеді.

Кандидаттар өз бастамаларын таныстыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе алады.

 

Жиында ашық дауыспен Арыс қаласының Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы болып Аппазов Әсетіллә Оспанұлы сайланды. Кәсіпкерлер кеңесі мүшелері тарапынан бизнестің проблемалық мәселелері көтеріліп, талқыланып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер