«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер Палатасында Туризм жөніндегі салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Түркістан облысы
1007 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

Жиынға Палата директоры Асылан Ибадуллаев және кеңес мүшелері, туристік агенттіктердің жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты.

Асылан Ибадуллаев алдымен кеңес мүшелеріне Палатаның жұмысы туралы мәлімет беріп, салалық кәсіпкерлер кеңестеріне, Кеңестің негізгі мақсатына тоқталды.

«Кәсіпкерлер палатасында 7 салалық кеңес құрылған. Қазіргі таңда олардың құрамы өзектендіріліп, жұмыстары жандандырылуда. Әр салалық кеңесте сол саланың проблемалары көтеріліп, жауапты мемлекеттік орган өкілдері шақырылады, мәселенің шешілу жолдары мен ұсыныстар талқыланады. Бүгін  бұрынғы Туризм жөніндегі салалық кәсіпкерлер кеңесінің құрамын жаңадан жасақтап, осы жаңа құраммен Кеңестің алғашқы отырысын ұйымдастырып отырмыз», – деді.

 

Жиын күн тәртібінде Кеңес мүшелерінің қолдауымен Кеңестің тұрақты мүшелері қайта жасақталып жаңа төраға бекітілді. Туризм жөніндегі салалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы ретінде «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйінің атқарушы директоры Халкулов Диас Абдусаттарович бекітілді.

Жиын соңында туризм саласын дамытуға арналған ұсыныстар мен мәселелік сұрақтар қаралды. Атап айтқанда, өңірдегі қонақ үйлерге STR жүйесін енгізу, туристерге қызмет көрсету орындарындағы мамандардың тапшылығы, гид қызметтерін ретке келтіру, жергілікті қолөнершелерді қолдау шаралары мен демалыс аймақтарының мәселелері көтерілді.  Кеңес мүшелерін сайлау тәртібіндегі негізгі өзгерістер таныстырылды. Ережеге сәйкес, Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау ӨКП аудандық және салалық кеңестерінің құрамына кіретін кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі. Үміткерлер салалық және аудандық кеңестер мүшелерінің арасынан, сондай-ақ ӨКП аккредиттелген бірлестіктердің бірінші басшылары немесе мүшелері арасынан сайланады.
 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер