«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Толық аударылмаған қаржы мәселесі талқыланды

2024 жылғы 27 Маусым
- Түркістан облысы
5547 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің отырысы өтті.  Комитет төрағасы  Шолпан Бегалиеваның модераторлығымен өткен жиында кәсіпкерлерге төленуі тиіс қаржының толық аударылмауы жөніндегі мәселе қаралды. «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Мұхтарова қаржыландыру мәселесіне қатысты Қаржы министрлігіне өтінім жолданғанын айтты. Оның сөзінше, барлық құжаттар, негіздемелер, есептер министрліктерге ұсынылған. Бүгінгі күнде төлем бойынша берешек жоқ. Ал, биылғы бюджетті қалыптастыру аяқталмаған. Күн тәртібіне қатысты қойылған сұрақтардың нәтижесінде кәсіпкерлердің атынан Үкіметке, Қаржы министрлігіне бюджетті қалыптастыру процесін жеделдету мақсатында хат жіберу туралы шешім қабылданды. Өйткені, бизнес иелері өз қызметкерлерінің алдында қаржылық міндеттемелерін орындауы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер