«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инновациялық жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған

2024 жылғы 31 Қаңтар
- Түркістан облысы
5368 просмотров

Түркістанда ҚР Ауыл шаруашылық ғылыми академиясы және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы арасында түзілген меморандум аясында «Ясауи білім тарату орталығының» ресми ашылуы өтті. Дөңгелек үстел форматында жалғасқан кездесуге ҚР АШҒА академиясының президенті Тілектес Исабайұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жәнібек Әнуарбекұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Әуелбекұлы, агроөндіріс саласының өкілдері мен шаруалар қатысты.

Аталған орталықтың мақсаты – ауыл шаруашылығы саласында дақылдарды органикалық негізде өсіру, өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңінде атқарылатын агротехнологиялық шараларын оңтайлы мерзімде жүргізу аркылы демонстрациялық алаңда дақылды өсіру. Соңғы жылдары фитосанитариялық ахуалдың күрделеніп кетуіне маңыз бере отырып, зиянды организмдерге қарсы күрес шараларын күшейту.

«Агроөнеркәсіптік кешен – ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Импортқа тәуелділікті азайтып, халқымызды отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өнімділікті арттырып, ішкі ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Кәсібі білікті кадрлардың жеткіліксіздігі мен ғылымды қолдану өсімдік шаруашылығының көрсеткіштерінен де байқалады. Сол үшін ең алдымен шаруалардың білімін арттыру маңызды. Орталық осы бағытта фермерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне септігін тигізетін болады», -деді «Агро-кеңес беру орталығы» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбековтің айтуынша, жобадан күтілетін нәтиже – ғылым мен шаруа қожалықтары арасында байланыс орнату арқылы ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобаны облыс деңгейінде ары қарай таралуына қолдау білдіру маңызды. Жиынға қатысушылар осы бағытта жобаларды бірге іске асыруға белсенді қатысуға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер