«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Іскерлік байланыс» бағдарламасына қатысуға

2024 жылғы 24 Қаңтар
- Түркістан облысы
7074 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

«Іскерлік байланыс» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 23 қаңтардан басталды.

Бағдарлама Қазақстандағы шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысу, іскерлік байланыс орнату және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 23 қаңтардан 02 ақпанға дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүргізіледі.

Биыл ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар салаларында жұмыс істейтін компаниялардың басшылары, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары буын басшылары;

2. Экономика секторларындағы қызмет: ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Farming) саласында жұмыс істейтін компаниялар, жасыл технологиялар саласы, сондай-ақ, экономиканың барлық саласы;

3. Кәсіпкердің жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) АЕК-тен кем болмауы.

Талап етілетін құжаттар:

1. «Атамекен» ҚР ҰКП атына тағылымдамаға қатысуға өтінім;

2. Сауалнама (application form);

3. «Іскерлік байланыс» құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі;

4. Компанияңыз туралы ақпарат қамтитын буклет немесе PowerPoint презентациясы;

5. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімдер, жабдық және басқа да құралдардың техникалық сипаттамасы (бар болса);

6. ____________ (қабылдаушы ел) фирмаларының сіздің ұсыныс/өтініштеріңізге (бар болса) қызығушылығын куәландыратын хаттары;

7. Салық төлеушінің кейінгі 3 жылдағы (36 ай) табысын растау туралы EGOV сайтынан алынған ҚР-дағы табыстары анықтама;

8. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе директор атына бұйрық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер