«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан: Сайрам ауданында медицина саласындағы мәселелер басты назарда

2023 жылғы 21 Қараша
- Түркістан облысы
5348 просмотров

Сайрам ауданы прокуратурасы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен алғаш рет денсаулық сақтау бағытында мемлекеттік және жеке меншік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы басқосу өтті. Кездесуде өңір бойынша халық саны жағынан үлкен аудандардың көшін бастап тұрған аудан тұрғындарына сапалы дәрігерлік көмек көрсетілуі бағытындағы мәселе көтерілді.

​Басқосуға медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Құралбек Асабаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнара Тынымбаева, орталық аурухана және жеке меншік медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Сайрам ауданының прокуроры және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жиыны пікір алмасу форматында өтті. 

Жиын соңында түйткілді мәселелер айқындалып, соның негізінде хаттама түзілді. Өзекті мәселелер талқыға салынып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер