«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инвестордың электр энергиясы тапшылығы бойынша сұрағы қанағаттандырылды

2023 жылғы 15 Қараша
- Түркістан облысы
10613 просмотров

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының прокуратурасымен инвестициялық жобаларға сүйемелдеу жүргізілуде. 2020 жылы Польша елінің «Polcotton LTD» компаниясымен  инвестициялық жоба - жылыжай кешенінің құрылысы (ауданы 11,5 га) жүзеге асырыла бастады. Алайда жобаны жүзеге асыру барысында электр энергиясын жеткілікті көлемде алуда қиындықтар туындап, бұл жобаның тек 1-кезеңін жүзеге асыруға әкелді.

Инвесторға 7 МВт электр энергиясы берілді, ал кешеннің толық жұмыс істеуі үшін кемінде 15 МВт қажет. Осы жылдың тамыз айында облыс прокуроры туындаған мәселелерді зерделеу және оның шешу жолдарын қарастыру үшін аталған нысанға келген.

Сайрам ауданында облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасындағы электр станцияның құрылыс жұмыстары басталғаны анықталды.

Электр станцияның құрылысы 2025 жылға аяқталады. Осыған байланысты облыс прокуратурасымен Инвестор мен жауапты компания «ПГУ-Түркістан» ЖШС арасында келіссөздер жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні облыс прокуратурасы, әкімдік, Кәсіпкерлер палатасы, Инвестор және «ПГУ-Түркістан» ЖШС арасында электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімнің арқасында Инвестор 9,5 га аумақта жылыжай кешенінің 2-кезеңінің құрылысын бастады, оның аяқталуы 2025 жылға дейін күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер