«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте Агрохимиялық зерттеу зертханасы ашылды

2023 жылғы 16 Маусым
- Түркістан облысы
5520 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Агрохимиялық зерттеу зертханасының» ашылу-тұсау кесер салтанаты өтті. Мақсаты, оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытуға, цифрлық егіншілікке, фермерлерге топырақ құнарлығы мен өнімділігін арттыру.

 

Агроөнеркәсіп кешені маманының айтуынша, келелі  проблемаларды  оңтайландырып шешу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету. Агро кеңес беру орталығын ашып, шаруалардың кәсіби білімін және біліктілігін арттырып, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану, сондай-ақ малдың тұқымдық құрамын жақсарту.

Палата маманы АШМ аграрлық ғылым беру орталығында пилоттық  жобаны талқылап, Республикалық топырақ зерттеу орталығы басшысы Жәнібек Акбармен кездесу барысында «Агрохимиялық зерттеу зертханасын» шаруаларға қол жетімді болу үшін  Шымкент қаласынан ашуға қолдау тапқан. Егістік жерлерден топырақ сынамаларын алып Зертхана өз жұмысын бастап кетті.

Семинарға аудан, қала ауыл   шаруашылығы бөлім басшылары, М.Әуезов атындағы Университет ғалымдары, Агро факультеті студентері, Облыстық «Қазсушар» РМК филиалы, Оңтүстік Қазақстан РММ геологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Түркістан Облыстық Аумақтық Инспекциясы ММ, Республикалық    фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық ММ Түркістан облыстық филиалы, «Ж.Жиембаев   атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты» ЖШС Оңтүстік  Қазақстан филиалы, Фермерлердің қоғамдық   бірлестіктерінің  төрағалары, агроқұрылым басшылары қатысты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер