«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан «Агро кеңес беру орталығы» құрылып, жүгері өсіру бойынша демонстрациялық алаңы ашылды

2023 жылғы 06 Маусым
- Түркістан облысы
6386 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңіріміздегі кәсіпкерлердің бизнесін жүргізу үшін қолайлы  мүмкіндер ашу мақсатында «Агро кеңес беру орталығын»  құрып, Отырар ауданында «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында  жүгері өсіру бойынша демонстрациялық алаңын ашты. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты жүгеріні органикалық негізде өсіруге маңыз беру арқылы жүгерінің бір гектардан алынатын өнімділігін арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.

Ауылшаруашылық кешені бойынша директордың орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда жүгері шаруашылығында жер жырту, агротехникалардың мерзімінде жүргізілмеуі, сапалы тұқымның аздығы, егіс алқаптарының мелоративтік жағдайының төмендігі, ауыспалы егістің сақталмауы, жүгерінің сапасының төмендігі өзекті мәселеге айналуда.

Демонстрациялық алаңдарды әрбір елді мекеннен ашу яғни, Отырар ауданы «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері, бақша дақылдарын  оганикалық негізде өсіру, Жетісай ауданы «Ералиев» ШҚ базасында жеміс-жидек, жүзім бойынша, Шардара ауданы  «Хамит» АӨК шаруашылық базасында  балық өсіру шаруашылығы, Сауран ауданы  «Туран» АӨК шаруашылығы негізінде кооперация тәсілімен шаруаларды біріктіру арқылы сүттің көлемін жасап нарыққа шығару жоспарланып отыр.

«Агро кеңес беру орталығы» жобасының авторы, ауылшаруашылық кешені бөлімі маманы Нұрлыбек Боранбаевтың айтуынша, аталған базалық шаруашылықтар негізінде озық технологияларды өніріске енгізу арқылы жаңа үлгідегі тәжірибені тарату және маман кадрларды мастер кластарға  қатыстыру арқылы практикалық оқыту, агроқұрылымдар базасында ауыл шаруашылығы қызметін жандандыруды көздейтін жаңа жобаларды іске асыру тетіктері  жүргізілетін болады.

«Ұсынылып отырған жобалардың мақсаты - егіншілік саласында шаруалардың  агро-кәсіби біліктіктерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру, мал шаруашылығы саласында жоғалып бара жатқан  ІҚМ  генефондын сақтап, тұқымдық құрамын жақсарту, жергілікті малды негізге алып асылдандыру», – деді Нұрлыбек Боранбаев.

 «Агро кеңес беру орталығы» келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

1. Консультациялық қызмет көрсету, агротехнологиялар бойынша жетекке алу, топыраққа  агрохимиялық  сараптама жүргізу. 

2. Егіншілік жүйесіне энергоресурстарды үнемдеу агротехнологияларын ендіру және жетекке алу.

3. Ауыл шаруашылық  дақылдарының зиянкестері мен ауруларына  мониторинг жасау, күресу жолдарын үйрету.

4. Ауыл шаруашылығы малдарының тұқымдық құрамын іріктеу мен жақсарту, ұсыныс беру.

Ауқымды іс- шараға Ауылшаруашылық басқармасы, Отырар ауданының әкімшілігі, Ғылыми зерттеу институт басшылары және кәсіпкерлер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер