«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерге негізсіз 5 млн теңге салық салған

2023 жылғы 30 Мамыр
- Түркістан облысы
5686 просмотров

Түркістан облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасына «АйРус Құрылыс» ЖШС басшысы Р.Иманбердиевтен заңсыз мәмілелер бойынша салық есептілігін түзету және түзету бойынша шаралар қабылдаған салық органының әрекетсіздігіне өтініш түсті. Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінде көтерілді.

Кәсіпкердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі басшысының айтуынша, өтініштің мазмұнынан және оған қосымша материалдардан кәсіпкердің мемлекеттік кірістер органдарына бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, бүгінгі күні салық есептілігіне түзету енгізуге мүмкіндік берілмеген. Өз кезегінде, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сайрам ауданы бойынша МКБ-ға қайта бағыттайды. Сайрам өз кезегінде түзету Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша МКБ-ның құзыретіне жатады деп бекітеді.

«Өтініштің авторы бірнеше жыл бойы қойылған мәселенің дұрыс және заңды шешілуіне қол жеткізе алмағандығын, ал мемлекеттік кірістер органдары өкілеттікке сілтеме жасай отырып, проблемалық мәселенің шешілуін қамтамасыз ететін қажетті әрекеттерді орындаудан бас тартатынын ескере отырып, Өңірлік палата осы мәселені жан-жақты және объективті қарау мақсатында қадағалау және бақылау органдарының қатысуымен кездесу өткізді», –  деді Нұрсұлтан Кәрімбаев.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, бизнестің мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру болып табылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер