«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық құрылыс компанияларының қаржылай дағдарысқа ұшырау қауіпі бар

2023 жылғы 16 Мамыр
- Түркістан облысы
4711 просмотров

Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Құрылыс және ТКШ салалық кеңесінің бірлескен отырысында талқыланды.  Кәсіпкерлер «7-20-25» қолжетімді үй ипотекалық несие бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұрады.

 

Түркістан қаласы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясының анықтамасына сәйкес, 2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен Түркістан қаласында екінші деңгейлі банк арқылы «7-20-25» қолжетімді үй ипотекалық несие бағдарламасы аясында 2457 адам пәтер иелері болып танылған, ал іс жүзіндегі сұраныс пәтерге қол жеткізген адамдардан 3 есе көп. ҚР Ұлттық банкі 2018-2029 жылдар аралығында 1,6 трлн теңге қаржы бөліп отыр. Әр жылға шаққандағы қаражат республика көлемінде 100 млрд теңгені құрап отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлер дабыл қағуда.

«Бөлінетін 100 млрд теңге халықтың сұранысын қамти алмайды, себебі 2023 жылы krisha.kz сайты деректеріне сәйкес, Түркістан қаласындағы пәтерлердің 1 ш.м. орташа есеппен 300 000 теңге төңірегінде белгіленген. Яғни, республика бойынша пәтер алуға қызығушылық білдірген азаматтардың орташа есеппен 5 555 ғана қол жеткізе алады. Бұдан бөлек жоғарыда аталғандай, Түркістан қаласының тұрғындары 4 жыл ішінде 2457 ғана пәтерге иеленген (жыл сайын 614 пәтер), 2023 жылы Түркістан облысы бойынша 866,4 мың ш.м., тұрғын үй құрылысы жоспарланған, оның ішінде 555 мың ш.м. жеке инвестиция 311,4 мың ш.м. ресбуликалық бюджеттен, пәтерге шаққандағы көрсеткіш 8 817 пәтерді құрайды», - дейді кәсіпкер.

 

Кәсіпкерлердің айтуынша, құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысына байланысты қаражаттарын өтеу үшін халыққа ипотекалық несиені қол жетімді етіп, ҚР Ұлттық банкімен бөлінетін қаражатты ұлғайтпаса, құрылыс компаниялары қаржылай дағдарысқа ұшырау қауіпі бар. Мәселені шешу мақсатында «ҚР Ұлттық банкі» Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілген, «7-20-25» бағдарламасына бөлінетін қаражатты ұлғайтуға байланысты өзгерістер енгізу, сондай-ақ, қаражатты ипотекалық несиелендірудің орынына банктердің қаражатын субсидиялау туралы ұсынысты жолдау шешімі қабылданды.

Комитет отырысына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен банк өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер