«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкердің екі жылдан бері дау болып жатқан жері өзіне қайтарылды

2023 жылғы 12 Сәуір
- Түркістан облысы
5715 просмотров

Жеке кәсіпкер Нұрмамед Кедейдің айтуынша 2000 жылы қалалық әкімнің қаулысымен жер берілген. Кәсіпкер 2015 жылы жерді пайдалану мақсатын кәсіпкерлік бағытқа ауыстырып, заңдастырып Актісін алады.

«Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы қаулысымен менімен бірге 6 кәсіпкердің жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін қайтарылсын деген қаулысы шығады. Менің жерім 33 млн теңгеге бағаланады. Әкімшілік жер кодексіне сәйкес мәжбүрлеп алуға Түркістан экономикалық сотына арыз берген. Соттың шешімімен жер мемлекетке қайтарылып, 33 млн теңге төленетін болады», – дейді кәсіпкер.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Кәрімбаевтың айтуынша бизнес өкілі бұл шешіммен келіспей апеляцияға береді. Апеляция соттың шешімін күшінде қалдырады. Сонан соң шағым айтып кәсіпкер Палатаға келген.

«Аталған шағым бойынша Палата зерделеу жұмыстарын жүргізді. Негіз болған құжаттарды сұрату барысында кәсіпкердің жеріне еш қатысы жоқ екені анықталады. Сонымен қатар Түркістан қаласының бас жоспарына егжей тегжейлі өзгеріс 2022 жылы енгізілген. Әкімшіліктің бұл ретте қаланың бас жоспарына егжей тегжейлі өзгеріс енгізілмей тұрып алдын ала шешім шығарғандығы белгілі болды. Осы кемшіліктерді анықтап Палата Жоғарғы сотқа өтініш хат, Әкімшілікке ұсыныс хат жолдап, кәсіпкерге оң шешім беруді сұрады. Осыған сәйкес қала әкімі , кәсіпкерге қатысты жерді қайтару туралы шешімнің күшін жоюға жаңа қаулы шығарып, кәсіпкерге жері қайтарылып, құқығы қорғалды», – деді Нұрсұлтан Кәрімбаев.

Палатаның заңгерлері кәсіпкерге толық құқықтық қолдау көрсетілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер