«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан: Бизнес өкілі лауазымды адамның әрекетімен ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алмаған

2023 жылғы 14 Наурыз
- Түркістан облысы
10222 просмотров

Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының қызметкерімен кәсіпкерге тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қазу жұмыстарын жүргізгені үшін негізсіз әкімшілік айыппұл салынып, есеп шоттары бұғатталған.


Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмаған бизнес өкілінің құқықтары бұзылып, заңсыз айыппұл төлеуге әкеліп соққан.


Бұл мәселе кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері үшін өткізілген жеке қабылдау барысында анықталды.


Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында бизнес субъектісіне қатысты атқарушылық іс жүргізу ісі тоқтатылып, барлық қойылған шектеулер алынып тасталды. Кәсіпкердің құқықтары қорғалып, шағымы жедел қанағаттандырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер