«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында өндірісте жұмыс істеуге 42 тәлімгер дайындалады

2023 жылғы 22 Ақпан
- Түркістан облысы
5720 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында «Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер-мамандарды аттестаттау» тақырыбында екі күндік курс өтті. Оқуды аяқтаған «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізіледі.

 

Жоба «Тәлімгерлік мектебі» ҰКП оқыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тыңдаушылар дуальды оқытудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен міндеттерін, жұмыс орнында пәндер мен оқыту модельдерін оқытуды меңгереді, тәлімгерлік жүйесінің дамуы туралы білім алады.

Оқытуды «Атамекен» ҰКП адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, мультипликатор-жаттықтырушы Ләззат Шонаева жүргізді.

 

«Екі күндік оқу қорытындысы бойынша қатысушылар тәлімгер сертификатын алады және кәсіпкерлер палатасы директорының бұйрығымен «Атамекен» ҰКП жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізіледі», – дейді Ләззат Шонаева.

 

ӨКП директоры Асылан Ибадуллаев курстың мақсатына тоқталды.

 

«Оқытудың мақсаты – тәлімгерлік институтын бірқатар ұйымдастырушылық міндетті шешуге көмектесетін кәсіпорындардың кадр саясатының маңызды элементі ретінде қалыптастыру. Оның ішінде жаңа жұмысшыларды бейімдеу және оқыту, кадрлардың ауысуын азайту және қызметкерлердің әлеуетін дамытуға әсер етеді», – деп атап өтті Асылан Ибадуллаев.

 

Сондай-ақ, Палата маманының айтуынша, оқуға тәлімгер ретінде жеке компанияларда және жас қызметкерлер арасында маман дайындайтын жұмысшыларда қатысып жатыр.

 

«Түркістан облысында 52 колледж бар, оның 23 жеке, екеуі – мемлекеттік колледждер. 38 колледжде дуальды оқыту сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мұнда 38 мамандық бойынша 142 кәсіпорын базасында 5432 студент білім алады», – дейді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айдана Бейсебекова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер