«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Арыста таза былғарыдан тігілетін аяқ киім өндірісі қарқынды дамуда

2022 жылғы 26 Қазан
- Түркістан облысы
8193 просмотров

Бүгін біз оқырмандарға Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының өңірлік жеңімпазы,  80-ге жуық  компания арасынан үздік болып шыққан, республикалық сынға жолдама алған, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясын жеңіп алған -  «Арай» ӨК кәсіпорнымен таныстырмақпыз.

 

Фабрика Арыс қаласында орналасқан және 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған аяқ киім шығарылады, оны үш санатқа бөледі: күнделікті, әскери құрылымдар үшін және жұмыс қорғанысы. Өндірісте шынайы былғары және экологиялық таза материалдар қолданылады.

Қазақстанда нарықтағы өнімнің баламасы жоқ. Сондықтан, осы өнімді өндіру және сату үшін ұсынылатын тауарлар басқаша.

Осылайша жоба тиімді, үнемді, қысқа мерзімде төленеді және инвестицияларды тиімді орналастыру ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта «Арай» ӨК Арыс қаласы әкімдігі ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысып, спорттық турнирлер мен түрлі акцияларға демеушілік көрсетуде. Көгалдандыру, жарықтандыру және іргелес инфрақұрылымды дамыту – компанияның маңызды міндеттерінің бірі. Компания Қазақстан мен шетел нарықтарында экологиялық таза өнім өндіруші ретінде беделге ие болуға ниетті.

 

«Терілерді Түркияның Стамбул қаласынан және Запороже, Ростовтан алып келемін. Кооперативте 12 адам бар. Содан тігіп, сатуға шығарамыз. Қазір, Арыста, Шымкентте, Таразда, Астанада сатылуда. Арыста өзіміздің Арай дүкенін ашып қойғанбыз. Сол жерден алған тұтынушыларымыздың тауарлары жыртылып қалатын болса, тегін тігіп береміз», - дейді «Арай» өндірістік кооперативінің басшысы Әміртай Бибасаров.

 

Кәсіпорынның иесі Әміртай Бибасаров аяқ киім модельдерін өзі құрастырады. Бұған көп жылғы тәжірибесі де жеткілікті. Тауарлардың тұтыну бағасы да қымбат емес. Қалтаға қонымды болғандықтан алушылар да көп. Осылайша Арыс қаласындағы «Арай» өндірістік кооперативінде тігілетін аяқ киімдерге деген сұраныс күннен күнге артуда.
 

Өндіріс орны 2018 жылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,8 млн теңге, ал 2019 жылы «Қамқор» бағдарламасының аясында жылдық мөшері 1 пайызбен 5 млн теңге несие алған және «Менің атамекенім» жобасы арқылы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына қаржы берілген.

Кооператив иесінің айтуынша, алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін көбейтіп, оларды Қазақстанның өзге өңірлеріне жөнелту жоспарда бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер