«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында ірімшік өндірісі қарқынды дамуда

2022 жылғы 13 Қазан
- Түркістан облысы
8436 просмотров

Бүгін біз оқырмандарға Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының өңірлік жеңімпазы ,  80-ге жуық  компания арасынан үздік болып шыққан, республикалық сынға жолдама алған, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясын жеңіп алған -  «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС кәсіпорнымен таныстырмақпыз.

«Эмир» ірімшік брендімен Оңтүстік Қазақстанда сыр-ірімшік өнімдерін шығарудың негізін алғашқы болып қалаған компанияның қадамы жыл өткен сайын ілгері басуда. Алғашқыда Шымкенттің Қаратау ауданы аумағында орын тепкен зауыт жұмысын 24 адаммен бастаса, қазір мұндағы жұмысшылардың саны 47-ге жеткен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында , «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен жеңілдетілген пайызбен несие алып  және инвестициялық субсидияға қолдау көрсетіліп, зауытқа модернизация жүргізіліп, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіне сүт зауыты көшіріліп өз жұмысын бастады. Түркиядан құрылғылар әкеліп, табиғи сүтке қозының ұлтабар-мәйегін қоса отырып, түрік технологиясымен дайындалатын «Эмир» сырлары сапаның еуропалық стандартына сәйкес өндіріледі.

 

Сүтті Сайрам ауданының Қарабұлақ, Манкент, Қарамұрт елді мекендерінің тұрғындарынан жинайды. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 12 түрі шығарылып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне таратылуда.

Тәуелсіз зертханаға қомақты ақша төлеп, әр он күн сайын өз өнімдерінің сапасын тексертеді. Содан да болар табиғи сыр-ірімшіктері сөреде ұзақ жатып қалған емес. Өнімдерінің сақталу мерзімі – 2-3 ай. Зауыттың ішінде фирмалық дүкен жоқ, дистрибьютерлері сауда орындарына шығарады. Сүт өнімдерінен ірімшік  дайындайтын компаниялар арасынан «Айкан» ЖШС-і 2017 жылы Қазақстан бойынша жалғыз халал сертификатына ие болған. Оны еліміздің сол кездегі бас мүфтиі арнайы келіп, Шымкенттегі орталық мешітте тапсырған екен.

Бүгінгі таңда өнімдер «Эмир» бренді ірімшіктермен танымал.

Заттай көріністегі өндірістің орташа көлемі 1 тонна. Заттай көріністегі сатудың орташа жылдық көлемі 1 тонна.

«Эмир» ірімшік брендімен шығарылатын өнім өндіру мен сақтаудың барлық санитарлық нормаларын мұқият сақтай отырып, ірімшік дайындаудың түрік технологиялары бойынша Түркияның жоғары Технологиялық жабдығында өндіріледі. «Эмир» ірімшігінің 12 түрінің әрқайсысында көптеген құнды дәрумендер бар: ақуыз, кальций, магний, - деп атап өтті мекеме басшысы Алмагүл Айкан.

Мешітке, мүгедек балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне әрдайым демеушілік көмек көрсетіп отырған кәсіпорынның негізгі кәсіпкерлік тұжырымдамасы қоғам өміріне белсенді қатысу болып табылады. Олар қаржылық немесе басқа да көмек көрсететін қызмет саласына қарамастан және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге ат салысуда.

Компания өнім желілерін кеңейте отырып, белсенді дамуда. Компаниялардың атауы мен «Эмир» сауда белгісін тұтынушылар оңай таниды, ал өнімнің жоғары сапасы сатып алушылардың сенімін тудыратын брендпен қамтамасыз етіледі.

2013 жылдан бері  - «Қазақстанның үздік тауары», «Оңтүстік Қазақстан бизнесінің мақтанышы», «Озат сүт өңдеуші», «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Үздік халал кәсіпорын» және т.б. бірнеше марапаттауларға ие «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС кәсіпорны облысымызың экономикасына өз орасан зор үлесін қосуда, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасынң директоры Асылан Ибадуллаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер