«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік дүкендерің байқауы басталды

2022 жылғы 19 Шілде
- Түркістан облысы
6413 просмотров

Әлеуметтік дүкендерің байқауы басталды

 

                             Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Түркістан қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға байқау жариялағанын хабарлайды.

Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты:

  • Әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
  • Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;
  • Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.
  •  

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 13 шілдеден 31  шілде аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

 

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • 1қосымшаға сәйкес мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) - консорциум келісімінің көшірмесі;
  • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің жеке күәлігінің көшірмесі;
  • кәсіпкерлік қызметке қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар жеке ағымдағы шоттың құжаты;
  • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің салық қарызының жоқтығы туралы анықтама.

Қосымша:

  • өкілдің сенімхатын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  • презентацияның немесе бизнесжоспардың болуы (бар болса);
  • сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаржылық ресурстардың болуы (анықтама);
  • анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, III топтағы мүгедектер)

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-747-504-73-99


Еншілес ұйымдар

Серіктестер