«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда жаңа 34 тәлімгер пайда болды

2021 жылғы 21 Қазан
- Түркістан облысы
6614 просмотров

Түркістандық кәсіпорын қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасының Тәлімгерлік мектебін аяқтады.

34 тыңдаушы белгіленген үлгіде сертификаттар алып, «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.

Ұлттық палата өндірісте білікті тәлімгерлер тапшылығы мәселесін шешу үшін 2018 жылы Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырған болатын. Тиімділігін дәлелдеген жоба тиімділігін дәлелдеп, еліміздің барлық өңірінде табысты іске асып жатыр. Биыл жобаға түркістандықтар да қосылды.

Кентау трансформатор заводында екі күнге созылған оқытуды «Атамекен» ҚР ҰКП мультипликатор-тренері Ләззат Шонаева өткізді.

«Бізге нағыз өндірісті көрмеген, бірақ теориялық білімі бар адамдар келетіні жасырын емес. Маманның қызметке құштарлығы арта ма, я болмаса мүлде жұмыс істегісі келмей қалатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Осындай семинар мен сауатты спикерлер үшін Ұлттық палатаға алғыс айтамыз. Жас мамандарға біліктілікті үйретіп, тәжірибемен бөлісу маңызды. Өз кәсіпорнымыз үшін алдағы уақытта да мамандарды оқытамыз», – деді «Кентау трансформатор заводы» АҚ төралқа төрағасы Хайрулла Қожабаев.

Тәлімгерлер мектебінің тренер-мультипликаторы Ләззат Шонаева тыңдаушылардың барлығына алғыс білдіріп, бәріне қалалық қана емес, сондай-ақ республикалық деңгейді тәлімгер атануды тіледі.

 «Қашанда осындай адамдарды оқыту мәртебе. Танытқан қызығушылық үшін рахмет, келешекте сіздерді кәсіби болашақ күтетініне сенімдімін», – деді тренер.

Айта кетейік, дуальды оқыту Түркістан облысының 36 колледжінде жүргізілген. Онда 5 543 студент 158 кәсіпорын базасында 38 мамандық және 74 біліктілік бойынша білім алуда. Дульды оқытумен 2021 оқу жылында 637 түлек бітіріп шықты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер