«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске қаражат: түркістандық кәсіпкер «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымынан алғашқы болып несие алды

2021 жылғы 12 Қазан
- Түркістан облысы
6128 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алған Әйгерім Жүнісбаева кәсібін ұлғайтуға «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы арқылы жылдық 6 пайызбен несиеге қол жеткізген.

Кәсіпкер Түркістан қаласында «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, өңірлік палатаның бизнес-тренерінің көмегімен жоба әзірлеп, қаржыландыруға қол жеткізді. Қаражатқа кәсіпкер әйел жолаушылар тасымалында қызмет көрсетуге көлік сатып алды.  

Бүгінде кәсіпкер әйел Шолаққорған – Шымкент бағытында жолаушылар тасымалын бастап кетті.

«Өз ісімді ашуды көптен армандап жүргем. Үш баланың анасымын. «Бастау-Бизнес» жобасында бір ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Бүгінде «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы жобамды қаржыландырды. 8 миллион теңге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ», – дейді Әйгерім Жүнісбаева.

 «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымының директоры Мәди Ибадуллаевтың айтуынша, қазіргі таңда Түркістан қаласы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары арқылы микронесиелендіруге құжаттарды қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Республика бойынша «Атамекен-Түркістан» МҚҰ алғашқы үштіктің қатарында. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының  қызметкерлері құжаттарды шұғыл жинауға және қабылдап алу жұмыстарына көмектеседі.

Биыл Түркістан облысының 4 мыңға жуық тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқу курсына қатысты.

Республика көлемінде бастаулықтардың жобасын қаржыландыруға 22,5 млрд теңге бөлінді, оның 2,5 млрд теңгесі Түркістан облысының үлесінде.

Қазір елімізде осы бөлінген  қаражаттың арқасында кәсіпкерлерге  микронесие беру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі таңда  Түркістан облысы бойынша  6  пайызбен несие алуға  729,5 млн теңге  сомасында  112 өтінім қабылданып, соның ішінде микроқаржы ұйымымен 244,6 млн теңге сомасында  37 өтінім мақұлданды.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер