«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аshyq: Түркістан облысында 177 бизнес нысан жобадан шығарылды

2021 жылғы 04 Тамыз
- Түркістан облысы
10824 просмотров

«Ashyq» жобасы бойынша жұмыс жасаудағы бекітілген алгоритмін бұзу жүздеген кәсіпкердің жұмыс уақытын шектеді.

QR-кодын сканерлемеген нысандар жобадан шығарылуда.

Бүгінде Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қосылуға барлығы 3374 өтінім түскен, оның 3 116-сы қосымша арқылы жұмыс жасауда. Ал келушілерді аз тіркеген 177 нысан жобадан шеттетілді.

Айта кету керек, Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес нысан келесі талаптарды орындамағаны үшін жобадан шығарылады:

-егер мониторинг тобы жобаға қатысуға қойылған талаптардың бұзылғанын анықтап, растаса;

- нысан 2 апта ішінде келушілердің QR-код (check-in) сканерлемей, 0-ден 20-ға дейін ғана тіркеуді жүргізген жағдайда;

- жұмыс істеуге рұқсат беру құжаттары болмаған жағдайда;

Мониторинг топ жүргізген рейд нәтижелері бойынша жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобадан бір аптаға шығарылады.

Егер бұзушылық қайталанса, қатысушы жобадан бірден 2 аптаға шеттетіледі.

Үшінші бұзушылық кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге алып тастайды.

Осылайша, жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімін InfoКazakhstan.kz.электрондық платформаға жібереді.

«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себепті енгізілген жаңа шектеулерге қарамастан кейбір кәсіпкерлер кіреберісте QR-кодты сканерлеуге қатысты талапты орындамайды. «Ashyq» жобасы кәсіпкерлерге жұмыс режимін ұзартуда, 2020 жыл бойы табыссыз, тоқтап қалған салалардың жұмысын қайта жандандыруға үлкен мүмкіндік беруде. Сондықтан түркістандық Палата кәсіпкерлерден Ashyq жобасына қатысу ережелерін ұстанып, жұмыс істеу мүмкіндігін жоғалтып алмауды сұрайды», -деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер