«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларында бақ сынауға шақырады

2021 жылғы 31 Наурыз
- Түркістан облысы
10089 просмотров

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы отандық өндірушілер мен компанияларды сапа саласындағы жыл сайынғы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларына қатысуға шақырады.  

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім немесе қызмет көрсету сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі. Кәсіпорындар үш категория бойынша қатысады - шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері. Төрт номинация қарастырылған: "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын"; "Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын"; " Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»; "Азық-түлік немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпорын". Лауреаттар ақшалай сыйақы алады, сондай-ақ төрт жыл бойы «Алтын сапа» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Байқау-көрме үш аталым бойынша өткізіледі: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"," Халыққа арналған үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары". Алдымен қатысушылар аймақтық деңгейде жарысады. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша әр номинацияда үш жеңімпаз таңдалады, кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық байқауда Түркістан облысының атынан бақ сынасады. Әр жылдары бұл байқаудың жеңімпаздары болып  «Ордабасы кус» ЖШС, «Grand Miks» ЖК, «Құдайбергенов» ЖК, «Dala Fruit» ЖШС, «Marai E7 Group» ЖШС және басқалар танылған.

«Құрметті кәсіпкерлер, "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" байқауларына қатысуға шақырамыз. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. Осы екі беделді байқаудың басты мақсаты-жергілікті өндірушілерді қолдау, олар шығаратын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, сондай - ақ отандық брендтерді ілгерілету және жалпы елімізде өндірісті дамыту", - деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Түркістан облысының кәсіпкерлері "Алтын сапа" байқауына қатысуға 1 шілдеге дейінгі мерзімде өтінім бере алады. Мұны сайтта электронды түрде жасауға болады: www.altynsapa.kz немесе Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, 42 мекенжайындағы өңірлік Палата кеңсесінде.

Анықтамалық ақпаратты +7 (72533) 598-98 (ішкі. 7721), моб.тел.: 8 777 006 09 09, Жанль Қали, ӨКП сарапшысы. Е-mail:project-support.hsa@atameken.kz

Сондай-ақ сайтта әлеуетті қатысушылардың консультациялары үшін www.altynsapa.kz конкурстарды өткізу тәртібі және конкурстық материалдарды ресімдеу ережелері туралы бейнесабақтар орналастырылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер