«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнеске арналған үкімет»: идеядан жобаны іске асыруға дейін

2020 жылғы 26 Тамыз
- Түркістан облысы
11909 просмотров

Түркістанда инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы "Бизнеске арналған үкімет" кеңсесі ашылды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы және облыстық әкімдіктің бастамасымен ұйымдастырылған жобаның ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиев, мемлекеттік басқармалар, қаржы институттары өкілдері және өңір кәсіпкерлері қатысты. 

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың түсіндіруінше, «Бизнеске арналған үкімет» аясында кәсіпкерлерге арналған барлық мемлекеттік қолдау шаралары да, мемлекеттік қызметтер де енді «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандырылған түрде бір жерден көрсетілетін болады.

«Яғни, бұдан былай әрбір кәсіпкерге түрлі мемлекеттік мекемелерге барудың қажеті жоқ, өйткені «Бизнеске арналған үкіметте» барлық қажетті қызметтер, кеңестер беріліп, бизнес-жобаларды сүйемелдеу көрсетіледі. Ең бастысы, бәрі ашық және қол жетімді. Енді кәсіпкерлер туындаған мәселелерінің күрделілігіне және әртүрлілігіне қарамастан, тікелей қайда жүгінуі қажеттігін нақты білетін болады, бұл кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы",-деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиевтың айтуынша, «Бизнеске арналған үкімет» – бұл сұранысқа ие бизнес-құрауыштарын нақты әрі қисынды құрылымдаудың үлгісі.

«Бизнеске арналған Үкімет» – қаржыландыру, өнімді сату мен өткізу, цифрлық қызмет көрсету, құқықтық сүйемелдеу және бизнеске оқыту сынды негізгі бағыттардан тұрады. 

  Өткізу аймағында кәсіпкерлерге шығарылатын тауар-қызмет түрін алға жылжыту, маркетингтік зерттеу, бухгалтерлік сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алулар бойынша консультациялар көрсетіледі.

Қаржыландыру аймағында – қаржы ұйымдары мен даму институттарының қызметтері ұсынылады. Қызметті ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, екінші деңгейлі банктер, қаржы институттары  менеджерлері көрсетеді.       

Құқықтық сүйемелдеу аймағында – бизнестің құқығы және заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар дауларды сотқа дейін шешу бойынша қызмет көрсетіледі.

  Біліктілік аймағында – өңір тұрғындары, бастауыш кәсіпкерлер «Бизнес мектеп», «Бастау» жобалары аясында бизнес негіздері бойынша курстарға жазылып, оқи алады. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығының қызметтері беріледі.

 Цифрлық қызметтер аймағында – кәсіпкерлер өздігінен онлайн режимде мемлекеттік қызметтер және «Atamekenservices» порталы арқылы бизнес-қызметтерді ала алады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Бизнеске арналған үкімет» жобасы ел өңірлерінің барлығында құрыла бастады. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Алматы, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында жұмыс істеп жатыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер