«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында карантин режимі ұзартылды

2020 жылғы 11 Мамыр
- Түркістан облысы
12798 просмотров

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың қаулысымен өңірдегі карантиндік және шектеу шаралары 2020 жылдың 25 мамырына дейін ұзартылды

25 мамырда таңғы 7-ге дейін азаматтардың Түркістан облысына кіруге және шығуына тыйым салынады.

Облыс тұрғындарына халықтың тыныс-тіршіліген қамтамасыз ететін  автокөліктерді қоспағанда, қала және аудан арасында жүруге тыйым салынады.

Тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды тасымалдайтын жүк және жеңіл көліктермен мамандандырылған және қызметтік көліктер қозғалысына рұқсат етіледі.

Азаматтарға бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты және барлық санитарлық шараларды сақтауға кеңес беріледі.

Спорттың барлық түрлерін және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, фитнес клубтардың және адамдар көп жиналатын басқа да нысандар қызметіне, діни нысандар қызметіне тыйым салынады.

Күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін уақытша шектеумен азық-түлік базарларының жұмысы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, ал ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін сақталады.

Медициналық орталықтар күшейтілген санитарлық талаптарды сақтай отырып, алды ала жазылу бойынша жұмыс жасайды.

Құрылыс дүкендері, саяжай мүкәммалын, оптика, гүл дүкендерінің, зоомагазиндердің және өзге де объектілер жұмысы адамдардың жиналуын және ұзақ әрі тығыз байланыста болуын болдырмайтын талапта жұмыс жасауы қажет.

Сондай-ақ, талаптарды сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, көлік жуулардың, шиномонтаждау, автосаландардың жұмысы алдын ала жазылу бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Медициналық бетперде киген келушілерді жіберуді қамтамасыз етумен алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондары да жұмысын жалғастырады.

Сонымен қатар, бизнес орталықтар жұмыстары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің және т.б қызметтер) күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің жұмысы, баспаханалық қызметтер көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ-киім шеберханалары, аяқ-киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де адамдар жиналуды және ұзақ тығыз қарым-қатнасты болдырмайтын нысандар жұмыстары жұмыс бастайды.

ХҚКО мен екінші деңгейлі банктердің жұмысы қайта жанданды, олар ең алдымен ШОБ-қа қызмет көрсетеді.

 

☎️Call centre «Атамекен» ҰКП 1432 , WhatsApp: +7 778 870 1432.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жедел штабына жүгінуге болады.

Сондай-ақ, барлық қажетті ақпаратты біздің телеграмм каналынан біле аласыз: https://t.me/msbturkestan


Еншілес ұйымдар

Серіктестер