«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлерге терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

2019 жылғы 27 Қараша
- Түркістан облысы
11387 просмотров

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша семинар-жиналыс өтті

Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы облыстық Полиция Департаментімен бірлесе отырып, терроризм ықпалына осал объектілердің иелері мен басшыларына көші-қон заңдарын сақтауға оқыту бойынша семинар өткізді.

Кездесуді ашқан, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Зухра Әмірова терроризмге қарсы қауіпсіздік әрдайым бірінші орында тұратынын, себебі бұл жерде тікелей азаматтар мен қоса кәсіптің қауіпсіздігі тұрғанын баса айтты.

«Бүгін біз кәсіпкерлерді терроризмге қарсы қауіпсіздік жүйесін сақтау талаптары мен ол сақталмаған жағдайдағы жауапкершілікпен ақпараттандыру үшін жинадық. Сақталмағаны үшін салынатын айыппұл айтарлықтай жоғары. Олар 100 ден 500 - ге дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Сондықтан бүгін біз үшін осы талаптардың қатаң сақталуын кәсіпкерлерге түсіндіру өте маңызды» ,- деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету және терроризмге осал объектілер үшін қауіпсіздіктің тиісті деңгейін ұстап тұру бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кәсіпкерлік субъектілерін жауапкершілікке тартудың жағымсыз жағдайын болдырмау мақсатында Палатаның бастамасымен Түркістан облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және көші-қон қызметі басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы экстремизмге қарсы Полиция Департаменті басқармасының қызметкері – полиция подполковнигі Зафар Расулов өз сөзінде террористік тұрғыдағы осал объектілердің иелері мен басқарушылары, меншік түріне қарамастан, қызметкерлерге де, келушілерге де осындай объектілерде қауіпсіз режимде болуды талап етуі мендетті екендігін айтып өтті. Ол дегеніміз, объектілерді заманауи қауіпсіздік техникаларымен, арнайы өткізу орындарымен қамтамасыз ету, қызметкерлермен алдын алу және жаттығу шараларын өткізуге және т.б.

Сонымен қоса, Зафар Расулов Басқарманың мақсаты кәсіпкерлерді жауапқа тарту емес, қоғамдық қауіпсіздікті болдырмау және сонымен қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты.

Іс-шара соңында, Палата мен Басқарма қызметкерлері кәсіпкерлерді қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар берді.

Соңында кәсіпкерлер іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер