«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Польшалық сарапшы жаңа технологиялар және тың ойларымен бөлісті

2019 жылғы 20 Қараша
- Түркістан облысы
9812 просмотров

Түркістан облысына «Аға сеньорлар» жобасы бойынша шетелдік сарапшы келді

Жаңа технологияларды өндіріске енгізу және жаңа идеялармен алмасу мақсатында «Құдайбергенов» ЖК фабрикасына Польшадан жиһаз істері бойынша халықаралық сарапшы Томаш Викторски шақырылды.

Екі апта бойына Томаш кәсіпорын жұмысына талдау жасап, жиһаздың жаңа пішіндерін жасауға көмектесті, заманауи құрылғыларды пайдалануды үйретіп, өнімнің сапасын арттырудың жолдары мен жоралғыларын көрсетті.

«Құдайбергенов» жеке кәсіпкерлігі жиһаз фабрикасы теңдесі жоқ бірегей технологияны қолдана отырып орындықтар шығарумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

Компания салалық нарықта бар жоғы 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Алғаш құрылған жылдары фабрикада негізін қалаушы Құдрат Құдайбергеновтен басқа тағы екі адам жұмыс істеген. Ал қазір орта кәсіпорынға айналып, орындықтар, шпоннан жасалған үстелдер мен жұмсақ жиһаздардың жетекші аймақтық өндірушілерінің біріне айналды.

Томаш Викторскидің ойынша, компанияның өнімдері еуропалық тұтыну нарығындағы тауарлармен жақсы бәсекелесе алады. Осыған байланысты Польша тарапынан өнімді Еуропа нарығында жылжыту туралы ұсыныс түсуде. Бұл бағыттағы алғашқы қадам компанияның келесі жылы Польшада жоспарланған жиһаз өндірушілерінің көрмесіне қатысудан басталады. Сонымен қатар, сарапшы ғаламтор арқылы тапсырыстарды өңдеуді жетілдіру және күшейту қажеттілігіне назар аударды.

 Қудрат Құдайбергенов енді Томаш Викторскимен өндіріс туралы идеялар алмасқаннан кейін жақсартулар мен жаңа өнімдер тұтынушылар шеңберін одан әрі кеңейтеді деген сенімде.

          «Біздің шеберлеріміз ғасырлар бойы келе жатқан жаңғақ, қара ағаш және қарағайдан жасалған жиһаздың көптеген түрлерімен жұмыс жасайды. Қатты ағашан жасалған жиһаз ешқашан сәннен шықпайды және әрдайым жоғары бағаланады. Томаш ағашпен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие маман. Біз оның барлық жобалары бойынша сараптамалық пікірін алдық. Оны тыңдағаннан кейін біз дұрыс бағытта келе жатқанымызды түсіндік. Осындай мүмкіндік берген  Кәсіпкерлер палатасына алғысымды айтамын », - деді Құдрат Құдайбергенов.

          «Құдайбергенов» ЖК  өнімі Қазақстанда, шетелде жоғары бағаланады оның ішінде Ресейде танымалдыққа және сұранысқа ие. ҚР көптеген аймақтарында компанияның дилерлік бөлімдері ашылған. Құдрат Құдайбергенұлы бастаған кәсіпорынның қызметкерлері бірнеше рет республикалық «Алтын сапа», «Жылдың үздік өнімі» конкурстарының марапаттарына ие болды.

          Айта кету керек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында үшінші жыл қатарынан кәсіпкерлерге өз бизнестерін модернизациялауға көмектесіп келеді. Шетелдік кеңесшілер тізімін құрастырады, ал кәсіпкерлер ұсынылған тізім бойынша өтінім толтырады. Мемлекет маманның жол ақысы мен іссапар шығындарына ақы бөлсе, ал қабылдаушы тарап тұру мен тамақтану ақысын төлейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер