«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында алғашқы индустриялық сертификат берілді

2019 жылғы 07 Қазан
- Түркістан облысы
10882 просмотров

Түркістан облысындағы алғашқы индустриялық сертификаттың иегері нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, «Ақниет» Созақ ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ болды

«Ақниет» Созақ ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ-мүгедектерді еңбекпен қамтумен айналысады. Кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп өндірісіне жатады. Кәсіпорында жұмыскерлердің жалпы санынан мүгедектер 60%-ды құрауда.

Кәсіпорын тігін өнімдерін – арнайы қолғаптар, төсек-орын жиынтықтары, жатын матрастар, көрпелер, алжапқыштар, ерлер халаттары, улы емес шаңнан қорғайтын комбинезондар шығарады. Өзінің өндірістік базасы-цехтары, қойма бөлмелері бар және өзін-өзі толық қаржыландыруда. Кәсіпорында шығарылатын барлық өнім сертификатталған.

«Біздің өндіріс заманауи технологиялық тігін жабдығымен жабдықталған. Енді, индустриялық сертификат алғаннан кейін бізде түрлі тендерлер мен сатып алуларға қатысу перспективалары айтарлықтай өсті, онда біз өзіміздің қабілеттерімізді көрсетіп, отандық өндірушілермен бәсекелесе аламыз, сондай-ақ импорттаушылар алдында басымдыққа ие болмақпыз. Үлкен тапсырыстар алуға үміттенеміз», – деді кәсіпорын басшысы Мұхит Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары индустриялық сертификат болған жағдайда ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

«Созақ ауданының «Ақниет» мүгедектер қоғамы Индустриялық сертификат алу үшін барлық қажетті процедуралардан өткен алғашқы Түркістан компаниясы болды. Енді компания «Атамекен» ҚР ҰКП отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген. Өнімнің барлық ассортиментіне фабрика сәйкестік сертификатына ие. Біз кәсіпорын индустриялық сертификат алу үшін лайықты деп есептейміз.  Бұл өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының тауардың шығу тегін сертификаттау бойынша маманы Даулетияр Әліпов.

Жақын арада индустриялық сертификат алуға өтінім Түркістан облысының 10-ға жуық ірі кәсіпорындарына беріледі деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер