«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда «BASTA» жас кәсіпкерлер форумы өтті

2019 жылғы 13 Қыркүйек
- Түркістан облысы
10123 просмотров

Алғаш рет Түркістанда «Жас кәсіпкер» жобасы тыңдаушылары өңірдің табысты кәсіпкерлерімен «Basta» алаңында бас қосты

Форумға қатысушылар өздерінің қателіктерімен және табыс жолдарымен бөліскен нақты кәсіпкерлермен танысты, сонымен қатар сұрақтарға жауап берді.

Кездесуді ашқан шараның модераторы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев өңірде бизнеске қызығушылық танытатын белсенді жастар көп екенін, сондықтан оларды қолдау қажет екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланды, «Атамекен» осы бағытта көптеген жобаларды жүзеге асыруда, олардың бірі – «Жас Кәсіпкер» бағдарламасы. Бағдарлама бойынша облыста 1596 түлек білім алды. Мұндай жобалар жастардың кәсіпқойлығын арттыруға, бизнес ашуға және ел экономикасына лайықты үлес қосуға септігін тигізетініне сенімдімін », – деді ол.

Спикерлер қатарында «Шабыт» шеберханасының жетекшісі – Гульшарат Жубанова, «Global coffee» кофе-бар желісінің қалаушысы Мақсат Аманмурадов, Жас кәсіпкер, өсімдік-шаруашылығы маманы, жас-ғалым Әбдраман Ерсұлтан, «Шаңырақ» ұлттық тағамдар желісінің қалаушысы, жас кәсіпкер Алипова Ақерке, Chaplins компаниясының жетекшісі –  Тоқтар Алимбеков секілді жас болса да өз кәсібін жүргізіп отырған азаматтар  жастармен пікір алмасып, қоғаммен байланыс жасау жолы және кәсіби өзін-өзі тану мүмкіндігі және де кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан несие алу және түрлі бағдарламаларды тиімді пайдалану туралы өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, «Шабыт» шеберханасының жетекшісі Гүлшарат Жұбаева жиналғандарға өзінің іскерлік тәжірибесімен бөлісіп, өзінің ісі туралы айтып берді.

«Шабыт» бұл бүгінде – тігін шеберханасы, сұлулық салоны, сондай-ақ, би тобы.

«Кәсіпті жұмыстан бос кезде тар жерге тығылып 1тігін машинкасымен ешкімге алақан жаймай, ешқандай кредит алмай ақ өз киімдерімді тігуден бастадым. Қазіргі таңда бас аяғы 60-тан аса адамға азда болса білгенімді үйретіп, жұмыс орын ашып, жерілікті қыз келіншектерді жұмыспен қамтамасыз етіп, мемлекетке салық төлеп отырған кәсіпкерлердің бірімін деп ауыз толтыра айта аламын. Ең бастысы ниетпен талап!»

Екінші спикер, 25 жасар «Chaplin’s Group» негізін қалаушы Тоқтар Әлімбеков өз бизнесін несиесіз, «көкелерсіз» және ықпалды байланыстарсыз қалай ашқандығы туралы әңгімелеп берді.

«Егер жақсы идеяң бар болса бизнес ашуға көп мүмкіндік бар. Ол үшін сіз ақша жинап, өз қаражатыңызбен бастағаныңыз дұрыс», – деді ол бизнесті өзінің жинаған үш миллион теңгеден бастағанын айтып.

Тоқтар 4 жыл АҚШ-та тұрып, кәсіпкерлік саласында тәжірибе жинақтады, ал отанға оралғаннан кейін өз ісін бастауды шешті. Бүгінде табысты жұмыс істеп жатқан америкалық «Chaplin' s Group» стилінде ерлердің шаштаразын іске қосты. Бір уақытта дерлік өзінің бірегей U:projects жобасын жасады.

«Global cofe» кофе-бар желісінің негізін қалаушы, Мақсат Аманмурадовтың да сөзі қызықты болды.

Оқуды аяқтаған соң, ол өзінің екі досымен «Тенгиз-шевройл» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасаған. Ауысымнан кейін Шымкентке қайтарда немен айналысытындарын ойлаған үш дос, қалаға «кофе өзіңмен бірге» форматын ашу қажет керек екеніндігін түсінеді.

«Әрбір істегідей бастапқыда қиындықтар болды. Біз қалада «кофе өзіңізбен бірге» форматының қалай өмір сүретінін уайымдадық, себебі бұған дейін ол Алматыда немесе Астанадағыдай кең тараған жоқ еді. Бірақ біз тәуекел еттік. Үміт ақталды. Қазір біз өнімді белсенді дамытудамыз», – деді Мақсат.

Ал келесі спикер, Ақерке Алипова Латвияда білім алған соң, туған жерінде өз кәсібін қолға алды. Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашты. Себебі жас кәсіпкер өзге елде , ұлттық құндылықтың бағасын сезінген.    

«Жастарға қазір көптеген мемлекеттік қолдаулар болып жатыр. Бұл идея маған шетелде келді. Ол жақта өзге елдердің ұлттық тағамдар дайындайтын орындар көп. Бізде кішкеше төмен деңгейде. Соны казір қолға алдым»

Инновациялық жобалар грантының иегері, 23 жастағы Ерсұлтан Абдраманов өсімдік шаруашылығындағымен айналысатын өзінің компаниясы туралы әңгімеледі.

«Барлық жастарды ауыл шаруашылығымен айналысып, деңгейін арттыруға шақырамын. Қазір Қазақстанға агрономдар сияқты жұмыс мамандықтары қажет», – деп атап өтті ол.

Соңғы спикер – «Protectkz» ЖШС директоры Еділ Ахметов табыс жолымен бөлісті.

«Мен Қазақстанда әлі де аз танылған жаңа бизнес түрімен айналысамын. Бұл мөлдір торлар өндірісі. Бизнес адамдардың үлкен санымен үнемі өзара әрекеттестікте құрылады. Бизнесті жалғыз құру мүмкін емес. Жаңадан ашылып, үйреншікті шеңберден шығу керек», – деп атап өтті ол.

Еділ дамудың екі жолын атады: біріншісі жеке күш арқылы, екіншісі сені дамытатын ортада болу.

Спикерлерге сұрақтар қойғысы келетіндер көп болды. Жастар өз бизнесін бастапқы капиталсыз қалай бастауға, қандай салада кәсіпкерлікпен айналысу жақсы және жас бизнесмендерге мемлекет қандай қолдау көрсетуде деген сынды сұрақтарға қызығушылық танытты. Спикерлер келіп түскен сұрақтарға толық жауап беріп қана қоймай, ең қызықты сүрақтарға сыйлықтар да берді.

Қатысушылар форумның жоғары өнімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға жаңа кеңестер мен ынталандыру мүмкіндіктері үшін алғыс білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер