«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Арыстағы шағын және орта бизнеске қандай көмек көрсетілмек?

2019 жылғы 02 Шілде
- Түркістан облысы
5651 просмотров

Бүгін Арыста облыс басшылығымен өткен кездесуде жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдікпен берілетін несиелер туралы ақпарат берілді

Іс-шараға қатысқан арыстық кәсіпкерлердің сұрақтарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімнің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров жауап берді.

Жиналған кәсіпкерлер бизнеске қатысты сауалдарын қойып, толымды жауаптар алды. Осы бағытта арыстық бизнесті қолдауға қатысты жақын арада атқарылатын жұмыс жоспары жайында ақпарат берілді.

«Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында үкіметтен 10 кешенді шара белгіленді. Соның ішінде 3 қолдау шарасы Арыс қаласының кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған», – деп атап өтті өңір басшысы.

Атап өтейік, Арыс қаласында тіркелген 346 кәсіпкерлік нысан бар, соның ішінде 258 кәсіпкерлік нысан  немесе 78% төтенше жағдай салдарынан зақымданған. Қазіргі таңда 253 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын, ал 5 нысанды қайтадан құру жұмысын жүргізу қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына ірі бизнес өкілдері қолдау көрсететінін, сондай-ақ бұл жұмыс ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жетекшілік етуімен жүргізілетінін атап өтті.

«Кәсіпкерлермен жұмыс істеу, келтірілген зардаптың ауқымын анықтау, қаражат бөлу жұмыстары қолға алынуда. Апат орын алған соң Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа Палатаның 25 қызметкері жұмысқа кірісіп кетті. Жергілікті бизнеске келтірілген зардап тіркелген. Ендігі кезекте нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Ол үшін атқарушы органдар тиісті бағалау жұмыстарын жүргізеді, ал кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бизнестің құқығын қорғау мақсатында бақылаушы қызметін атқаратын болады. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін,  зақымданған объектілерді мүмкіндігінше 1 ай ішінде қалпына келтіру жоспарлануда», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров.

Осы мақсатта Өңірлік кәсіпкерлер палатасы үй-үйді аралап, кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізеді. Келтірілген шығын бағаланып, сметасы шығарылады. Кейін кәсіпорын иесі бағалау нәтижесімен танысып, қол қояды. Ары қарай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Спикердің айтуынша, қаражат бөлу екі механизм бойынша жүргізіледі. Бірінші механизмде аз көлемде шығыны бар компанияларға келісіммен кәсіпкерлік нысанды тез іске қосу мақсатында кәсіпорын иесінің шотына (1-2  млн теңге шамасында) қаражат аударылады. Ал екінші механизм бойынша үлкен көлемде шығыны бар кәсіпкерлерге қаражат палата-кәсіпорын-құрылыс компаниясы (жөндеу жұмыстарын жүргізеді) арасында үшжақты келісім жасалып, жүзеге асыралады.

Кәсіпорындарды қалпына келтіру мәселесі қызу талқыланды. Кәсіпкерлер өз мәселелеріне қатысты мұн-мұқтаждарын айтып, сауалдарын қойып, толымды жауаптар алды.

Бұған қоса, Арыс қаласының шағын және орта бизнесіне 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап кәсіпкерлерік субъектілдеріне арнап 5 млн теңгеге дейін  1 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі. 

2019 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша Арыс қаласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 433 бірлік (жалпы саны 3 707), оның ішінде 522 заңды тұлға, 1 802 жеке кәіпкер және 1 109 шаруа қожалығы. Қызмет көсрету түрі бойынша 40,6%-ы – ауыл шаруашылығында, 31,9% – сауда, 12,1% – қызмет көрсету, 15,4% – басқа да қызмет түрлерімен айналысады.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы әкімдігімен Арыс қаласының кәсіпкерлерін қолдау үшін «Қамқор» бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама 1% сыйақы мөлшерлемемен 5 млн теңгеге дейін  кепілсіз кредит беруді көздейді. Кредиттің мерзімі – 4 жылға дейін және 6 айға дейін кредитті төлеу бойынша жеңілдетілген кезең қарастырылған. Негізгі талап – екі кепілгердің болуы қажет.

Аталған қолдау барлық кәсіпкерлік субъектілеріне салалық шектеулерсіз ұсынылатын болады. Жеңілдетілген несие «Ырыс» микроқаржы ұйымымен ұсынылатын болады.

Өңір әкімінің орынбасарының мәлімдеуінше, қазірдің өзінде Арыс қаласының 2 кәсіпкеріне жеңілдетілген несие-10 млн теңгеге дейін қолдау көрсетілді. Бұл өтінімдер бойынша шұғыл түрде шешім қабылданатынына назар аударды.  

Сонымен қатар, бұл Бағдарлама аясында қаражат қажеттілігі кәсіперлер үшін ташпы болып жатса, 1% мөлшерлемемен несие ұсынудың 2-ш кезеңі ұсынылатын болады.

Спикердің айтуынша, бұл жоба облысы әкімідігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пысықталуда. Демек, қажет болған жағдайда аяқталған жоба Арыс қаласының кәсіпкерлері үшін қосымша жүзеге асатын болады.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда оңтүстік аймақтың инвестициялық орталығы, Ырыс микроқаржы ұйымы, Агронесие корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қаржы институттары арқылы кредит алған 150-ге жуық кәсіпкердің 400 млн теңге көлеміндегі осыған дейін алған несиелеріне жеңілдіктер жасалатын болады. Яғни, төлем кестесін өзгерту, айыппұлын қысқарту, несие бойынша негізгі қарызға жеңілді кезеңін беруді көздейді.

Үшіншіден, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық каникулдар ұсыналатын болады.

Бұдан басқа шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдау оларды қажетті тапсырыстармен қамтамасыз ету арқылы жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 2019-2020 жылдары аралығында 100 млрд теңгеге жуық 14 инвестициалық жоба іске қосу жоспары жайында да ақпарат берілді.

Атап өтетіне, жергілікті бизнесті қолдау мақсатында Арыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық төлеуден босату қарастырылуда.

Арыстық кәсіпкерлерді заңды тұрғыдан сүйемелдеуге қатысты сұрақтар бойынша Арыс қаласы, Қонаев көшесі, 9 а, 14 кабинет (1 қабат) КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА немесе  8 (72540) 5-91-54 нөміріне хабарласуды сұраймыз!

Жауапты мамандар:

1. МАХМУТ Жомарт Мақсұтұлы - 8-701-908-10-32

2. ТУЛЕБЕКОВ Маханбет Шалкарұлы - 8-775-977-32-58

3. АШИРБЕКОВ Ханай Асанұлы - 8-702-411-22-22


Еншілес ұйымдар

Серіктестер