«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының шарттарымен таныстырды

2019 жылғы 14 Мамыр
- Түркістан облысы
8242 просмотров

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы қатысушыларына арналған бір күндік семинар өткізілді

Байқауға қатысуға ниет білдірген ұйымдардың өкілдері үшін «Атамекен» ҰКП-ның сарапшысы Мадина Мұқатова байқаудың өткізілу тәртібі мен ережесін түсіндірді.

Кездесуге отызға жуық компания мүшелері қатысты.

Семинарға қатысушылар байқау тәртібімен, есептерді рәсімдеу талаптарымен, байқау ережелеріне сәйкес материалдарды ұсыну тәртібімен, сондай-ақ сапа саласындағы халықаралық жарыстармен танысты.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға ынталандыратын отандық тауар өндірушілерді қолдау және отандық өндірушілердің брендін ілгерілетуге жәрдемдесу осы байқаулардың басты мақсаты болып табылады. Бұл байқауларға қатысу өндірістің дамуына үлкен серпін бермек. Онлайн режимінде қатысуға өтінім бере аласыздар. Дауыс беру де осындай режимде өтеді», – деді спикер.

Ол сондай-ақ финалистерді анықтау үшін өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Бұрын оларды сырттай таңдап алатын еді, ал қазір кәсіпорды аралау арқылы таңдамақ.

Мақта майын шығарумен айналысатын «Қанағат» компаниясы үшін бұл бірінші семинар. Компанияның директоры Қуаныш Тілегеновтың айтуынша, байқауларға қатысу бизнесті одан әрі дамытуға ынталандыруда.

«Облыстық  Кәсіпкерлер палатасына маған өте пайдалы семинарға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Семинарда көптеген қызықты тақырыптар ашылып, оларды орындауға үйретіп, құжаттарды қалай тапсыру қажеттіліктерін, мәселелерді дұрыс шешу жолдары қарастырылады. Біз үшін бұл бірінші тәжірибе. Енді байқауларға дайындықты бастаймыз», – деп атап өтті Қуаныш Тілемісов.

Қатысушылар семинардың ақпараттық мазмұнын және оның жақсы ұйымдастырылуының жоғары деңгейін атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттар табыс етілді.

Айта кету керек, сапа саласындағы жетістіктер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының табыстау сәті жылдың басты оқиғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына жыл сайын өткізіледі. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті өзі тапсырады, бұл ел үшін бұл байқаудың маңыздылығын көрсетеді.

Палата мамандары байқауларға қатысу өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылдайтынын еске салады. Осылайша, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті компаниялардан өтініштер беруді жеделдетуді сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер