«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысының іскер әйелдері алдағы жоспарларымен бөлісті

2019 жылғы 12 Наурыз
- Түркістан облысы
9788 просмотров

Әйел кәсіпкерлігі, мақсаттар мен талаптар, сондай-ақ бизнесте жиі кездесетін мәселелер туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі отырысында талқыланды

Өздерінің жетістіктері мен мәселелерін айту мақсатында облыстың барлық өңірлерінен 80-ге жуық іскер әйел: кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлер, сондай-ақ,  табысты жұмыс істеп жатқан бизнес ханымдар жиналды.

Өз сөзінде Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов аймақтың әлеуметтік-саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі әйел кәсіпкерлердің маңызды рөлін атап өтті.

«Облысымызда әйел кәсіпкерлердің саны жыл санап артуда. Мәліметтерге сүйенсек, облысымызда 134 мың кәсіпкер бар. Соның 42 мыңға жуығы немесе 30 пайыздан астамы – әйелдер. Өткен жылы «Бастау» жобасы арқылы 1730 адам оқыса, оның 600-ге жуығы әйелдер. Қайтарымсыз гранттар мен қаржыландыруға қол жеткізген кәсіпкер әйелдер саны жүзге жуық», – деп атап өтті ол.

Іскер әйелдер кеңесі қызметі аясында облыстың барлық аудандарында іскерлік жобаларды дайындау мен жүзеге асыруда, бизнестің және әлеуметтік белсенді әйелдердің мәртебесін жоғарылатуда практикалық көмек көрсету бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Белсенді бизнесмендер іскерлік форумда, оқыту семинарларын, жергілікті тауар өндірушілердің көрмелерін, түрлі қайырымдылық акцияларын өткізуде.

Бүгінде Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесі әйелдердің іскерлік қоғамдастығына құқықтық, кеңес беру және практикалық көмек көрсетеді. Жылдың басты жетістігі, оның төрағасы Алма Архабаеваның айтуынша, кеңестің өз бизнесін жүзеге асыратын әйелдердің коммерциялық жобаларын насихаттаудағы көмегін атап өтті.  Қуанышқа орай, бұл үшін құқықтық, әкімшілік жағдайлар, әйелдерге бизнесте өзін жүзеге асыруға көмектесетін жаңа қаржы құралдары жасалды. Бұл барлық деңгейдегі облыс әкімдерімен жеке кездесулер, өткен жылы пайда болған әйелдер кәсіпкерлігін шағын несиелеу бағдарламасы және Еуропалық қайта құру және даму банкі есебінен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі басқа да шараларды қамтиды. Бұл сондай-ақ, әйелдердің кәсіпкерлікке ұмтылғандарға көмек көрсетіп, қолдайтын «Бастау»  оқыту бағдарламасына белсенді қатысуы.

Түркістан облысы Шымкент қаласынан бөлініп шыққан соң, Іскер әйелдер кеңесінің Түркістан облыстық төрайымы болып Салтанат Төлегенова сайланды. Жаңа басшы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында сондай-ақ, кәсіпкер әйелдердің стартап жобалары таныстырылып, шеберлік сабақтар өткізілді.

Мансап және бизнес құру, өзін-өзі дамыту және жеке өсу – бұл және басқа да тақырыптар əрбір әйел үшін маңызды. Ал табысты іскери жағдайлар мен өмірлік мысалдар елдегі әйел кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға жақсы ынталандыруға көмектеспек.

Іс-шара барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін іскер әйелдер кеңесі басшыларының және филиалдарының мүшелері атап өтілді.

Алғыс хатпен Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Асыл арман» корпорациясының бас директоры Алма Архабаева, Созақ ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Созақ үні» газеті бөлімінің меңгерушісі Нұржамал Майусова, Түлкібас ауданы Іскер әйелдер кеңесі төрағасы, «Қырғызәлиева» ЖК директоры Нұржамал Қырғызалиева, Бәйдібек ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, жеке  кәсіпкер Нағима Қырықбаева марапатталды.

Бизнесті жүргізу, сонымен бірге әйел болып қалу оңай шаруа емес. Бірақ бұл әйелдер өздерін білдірудің жолдарын іздеуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер