«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Адал кәсіп – адал нәсіп»: кәсіпкерлердің мәселелері оң шешім табуда

2019 жылғы 26 Ақпан
- Түркістан облысы
7656 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлерінің бизнесінің дамуына кедергі келтіріп жатқан өзекті мәселелер оң шешімін табуда

Еске салайық, облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен «Адал кәсіп – адал нәсіп» бағдарламасы аясында галстуксіз кездесу өткен болатын. Облыстың әр ауданынан өзекті мәселелерін шешу мақсатында жиналған жүзге жуық кәсіпкерлерді мұхият тыңдаған билік өкілдері мәселені шешуге құзіретті органдарға тапсырма берген болатын.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлірдің мәселелері қалай шешілуде? Билік өкілдері тарапынан қандай іс шаралар қолданылып жатыр?

«Ашық есік күнінде кәсіпкерлер тарапынан айтылған шағымдардың барлығы дерлік оң шешімдерін табуда. Бұл мәселелер біздің жіті бақылауымызда. Әр кәсіпкер өзін қанағаттандыратын жауап алуын қамтамасыз ететін боламыз», – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Самат Қосалиев.

Кездесуде отызға жуық шағын және орта бизнес өкілдері кәсібін дамытуда кездескен әкімшілік кедергілерге мәселерін жеткізді. Мәселенің көбісі қаржы ұйымдары тарапынан несиелендіру мерзімдерінің кешіктірілуі, сондай-ақ, жер мәселелері болды.

Атап айтсақ, Ұлтусын Жақаева Созақ ауданының тұрғыны. Ол 2017 жылы мал шаруашылығымен айналысуды көздеп, 18 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген.  Кәсіпкерлер Палатасында кәсіпкерлік негіздерін де меңгерген. Палата сарапшыларның сүйемелдеуімен бизнес жоспар жасалып, несие алуға қажетті құжаттардың толық пакеті жиналып, «Ырыс» микро қаржы ұйымына өтініш берген.

 

Алайда, бүгінгі таңға дейін несие ала алмай ұйымның табалдырығын тоздырған кәсіпкер, билік өкілдеріне қаржы ұйымы тарапынан тудырған келеңсіздіктерді айтып шағымданған еді.

Ал Кентау қаласының тұрғыны Талғат Жақсылық ат әбзелдерін дайындайтын ол шағын тігін цехін өз қаржысына іске қосқан.  Енді мемлекеттен бизнесін жандандыру үшін 6 пайыздық несие алсам дейді. Алайда, алты айдан бері сабылып жүргені осы.

Осы іс-шарадан соң, кәсіпкерлердің жобалары қаралып, несие алуға келісім беріп, көздеген қаражаттарына қол жеткізуде. Осыған ұқсас мәселермен шағымданған кәсіпкерлердің мәселелері Палата сарапышларының қадағалауында.  

Адал кәсіптің адал нәсібін көруге асыққан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, облысымыздың кәсіпкерлігін дамыту басты назарда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер