«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау»: жұмыссыздықтан кәсіпкерлікке дейін

2019 жылғы 14 Қаңтар
- Түркістан облысы
9873 просмотров

Түркістан облысында «Бастау» жобасы бойынша 2018 жылы 1730 адам оқып, оның ішінде 1396-сы облыстық комиссия алдында өз бизнес-жоспарларын ойдағыдай қорғап шықты

Оқу қорытындысы бойынша 2018 жылдың басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы облыстың 223 тұрғынының жалпы сомасы 878,3 млн.  теңгеге несие қаражатын алса, 76 тұрғынды 301,8 млн. теңге сомасына  Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырылды. Тағы 14 адам «Ырыс» МҚҰ арқылы 12 млн теңге көлемінде қаржыландыру алды, ал 39 адам 60 млн. теңгеге грант ұтып алды. Осылайша, облыстың бизнесін дамытуға 1,2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал бордақылауға, сүт фермаларын ұйымдастыруға, асыл тұқымды жылқыларды өсіруге және мал шаруашылығына басымдық беруде. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде оқу орталықтарын, балабақшалар ашуға, бөдене жұмыртқаларды сатуға және үйде өсетін саңырауқұлақтарға қызығушылықтары бар.

Бастау жобасының түлегі Темірлан ауылының тұрғыны Александра Тришина бұл жобаға өз оқу орталығын ашу туралы арманымен келді. Курсты аяқтағаннан кейін ол инновациялық жобалар байқауына қатысып, грантты жеңіп алды және мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған Дореми орталығын ашты. 

«Мен өзімнің бизнес идеямды жүзеге асыруға барлық білімімді және тәжірибемді қолдана алатыныма өте қуаныштымын. Ордабасы ауданында жобаның алғашқы ағынын бітірдім. Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдеуімен грант жеңіп алдым. Біздің орталықтың жұмысы енді басталып келе жатқанына қарамастан, нәтиже бар», – деді кәсіпкер.

Ал, Түркістан қаласының 24 жастағы тұрғыны Жанболат Әлімқұлов өз ісі болады деп ойлаған емес. Кәсіпкерлік негіздерін оқып болғаннан кейін, ол үш миллион грант ұтып алып, RCOM CANDLER құрылғысын сатып алды. Қазіргі уақытта бөдене жұмыртқаларын, ет және биогазды өндіруді жүзеге асыруда.

«Оқуда бізге болашақ жобаларымызға арналған бизнес-жоспарлар жасауға үйретіп, тәуекелдерді бағалауды көрсетті. Сондай-ақ, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарда: жылыжай фермалары, бордақылау алаңдары, өсімдік шаруашылықтарында болып, жұмыс барысымен таныстық. Оның тиімділігі сол немесе өзге кәсіпкерлікке қатысты қызықтырған кез келген сұраққа сауатты жауаптар алуға болады», – деді жас кәсіпкер.

Еске салайық, «Бастау» жобасы 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы облыстың тұрғындарына жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба аясында оқыту Астана қаласында оқытылған тәжрибелі бизнес теренерлермен, интерактивті түрде қазіргі заманғы оқыту әдістерін пайдалана отырып және оқу жоспарына сәйкес өткізілді.

Жобаның қатысушыларының өздерін атап өткен ең маңызды артықшылығы – бұл оқыту тегін және оқуға қатысушыларға стипендия да берілді, бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер