«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық оқушылар кәсіпкерлік негіздерін үйренуде

2018 жылғы 10 Желтоқсан
- Түркістан облысы
10729 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер оқушылармен кәсіпкерлік саласындағы тәжрибелерімен бөлісуде

Түркістан қаласында «Кәсіпкерлік негіздері» оқулығы 10-сынып оқушыларының оқу бағдарламаларына енгізілген. Сонымен қатар, еліміздің ең үздік профессорлары мен кәсіпкерлермен бірлесе оқу құралдары әзірленді. Жоба бірінші рет Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектепке енгізілді.

«Пән пилоттық тәртіпте қаралуда, оның қорытындысы бойынша оны облыстың барлық мектептерінде енгізу жоспарланып отыр. Пәнді оқытуға оқытушылар ғана емес, сонымен бірге бизнесмендер де қатысады. Кәсіпкерлік негіздеріне үйретуге соңғы сыныптарды алудың өзінің мәні бар. Осы жастағы балалар саналы түрде болашақта немен айналысатындарын ойлана бастайды. Ең бастысы, пәнді элективті негізде, яғни оқушылардың таңдауы бойынша оқытатын болады», – деп атап өтті  облыстық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Санжар Әшірбаев.

Сарапшының айтуынша, теориямен бірге практикалық сабақтар облыстың  кәсіпорындарында, сондай-ақ табысты кәсіпкерлерімен кездесулер мен мастер-класстар негізінде өткізілетін болады.

Осындай сабақтардың бірін облыстың табысты кәсіпкері, «Фабрика Дружба» ЖШС директоры Абдусадық Әбдуразақов өткізді. Кәсіпкер оқушыларды қызықтырған кәсіпкерлік саласындағы сұрақтарына жауап берді.

«Сенің қолыңнан бәрінен де не келеді, сол іспен айналысу керек. Бірден көп ақша табу мүмкін емес, бірақ бизнес – ұзақ және өте қызықты ойын. Бизнестен ең басында кетпеу үшін тәжірибе жинақтаңыздар, әсіресе сәтсіз. Кәсіпкерлікті өз қаражатыңызбен бастаған жақсы. Әрине, бұл қиын болады, бірақ бұл ең тиімді әдіс», – деді ол.

Жаңа пәннің мектептегі оқу жоспарына экономикалық терминология, бизнес-жоспар жасау, заңды тұлғаны тіркеу, қаржылық есептілік және бизнесті құқықтық реттеу секілді тақырыптар кіреді

«Кәсіпкерліктің негіздері»  мұғалімдері мұқият дайындалды: 80-сағаттық оқу курсы, теориялық дағдылар, практикалық сабақтар, табысты істерді егжей-тегжейлі талдау, бұл болашақ кәсіпкерлер алатын білімдердің толық тізімі емес.

«Мектепке осы пәнді енгізгенде, біз оқушылар мен ата-аналармен бірге бағдарламаны мұқият зерттедік. Бізге бұл өте ұнады. Балалар экономикалық терминологияны ғана емес, бизнес жүргізудің мәнін де үйренуде. Балалар сабақтарда ашылып, өмірде қол жеткізілері келетін идеялары туралы әңгімелейді», – деді №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлнұр Деңгедбаева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жаңа элективті пән Қазақстан бойынша 17 мектепте, әр облыстан бір мектептен оқытылып жатыр. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның әр мектебінде оныншы сынып оқушыларын кәсіпкерлік негіздеріне үйретін элективті пәнді енгізу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер