«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оңтүстік өңірде жеміс-көкөніс саласында импорт неге басым?

2018 жылғы 30 Қараша
- Түркістан облысы
11983 просмотров

Түркістанда жеміс-жидек, көкөніс саласын дамыту мәселесі талқыланды

Қазақстан көптеген көкөніс дақылдарын импорттау тәуелділігін сақтауда. Мұны еліміздің оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жүргізілген жеміс-жидек, көкөніс нарығын зерттеу нәтижелері көрсеткен. Бұл аймақтар Қазақстандағы жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің көшбасшысы болып табылатындығына байланысты терең талдау жасау үшін таңдап алынған. Зерттеуді ұйымдастырушылар – CTJ USAID жобасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қант, азық-түлік өңдеу қауымдастығы. Қауымдастық төрағасы Айжан Наурызғалиева Түркістан облысы палатасында өткен «Қазақстандағы жеміс-жидек, көкөніс саласын дамыту: мүмкіндіктер мен қарсылықтар» атты дөңгелек үстел барысында зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, жеміс-жидек, көкөніс нарығын талдау жеміс-көкөніс өндірушілердің негізгі проблемалық мәселелерін анықтауға мүмкіндік бермек.

«Талдау көрсеткендей, салалық жобалардың төмен кірістілігі сақтау алаңдарының жеткіліксіздігіне (тоңазытқыш қондырғыларына) байланысты, бұл алыпсатарларға маусым кезінде әдетте тауарға сұраныс артқан кезде төмен бағада сатуға мәжбүрлейді. Көптеген жағдайларда өндіріс орындарынан тікелей сауда жасау үшін қолданыстағы алаңдар тиімді емес, ал ірі сауда желілермен өзара әрекеттесу өнімнің сапасына, кестесіне және жеткізілім көлеміне қатаң талаптарды қанағаттандыруды талап етеді», – деп атап өтті Айжан Наурызғалиева.

Оның айтуынша, соңғы жылдары көкөністерді импорттау өнімдердің түрлері бойынша құбылмалылықпен сипатталады. Қазақстанда жыл сайын жалпы өнімдерді жинау көлемі артып отырғанына қарамастан, көкөніс өнімдері ішкі сұранысты толық қанағаттандыра алмайды.

Сарапшылар кәсіпкерлерге өндірушілер үшін электронды сауда алаңын құруды ұсынды.  Қазақстандық өндірушілердің өнімдерімен дүкен сөрелерін толтыру бойынша тікелей үкіметтік нұсқаулықтың бар екендігін ескере отырып, сауда орталықтарына отандық өнімдердің белгілі бір көлемін сатып алуды міндеттеу қажеттілігін айтты. Бұдан басқа, өнімдерді өзін-өзі маркетинг жүргізу үшін тікелей тұтынушыларға жағдай жасау қажет.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Нұрлыбек Боранбаев зерттеудің нәтижелері, сондай-ақ салалық сарапшылардың ұсыныстары оңтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің болашақ жұмысында пайдалы болатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер