«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы қадағалау және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты күшейтуде

2018 жылғы 26 Қараша
- Түркістан облысы
10952 просмотров

Келісімнің негізгі мақсаты – бизнесті бірлесе қорғау

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау үшін үш бірдей билік мекемелерімен – Түркістан облысы соты, Түркістан облысы Прокуратурасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен меморандумдарға қол қойды.

Меморандумдардың мақсаты-Түркістан облысында бизнесті қорғау, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды олардың қызметінің конструктивтілігі, ашықтығы және тиімділігі қағидаттарында жүзеге асыру.

Медиация институтын дамыту

Өңірлік Палата және сот құрылымдары кәсіпкерлік қызметке қатысты дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын (медиацияны) дамытуға және нығайтуға ниетті. Осындай келісімге келген Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сот биылғы жылға арналған Бірлескен жұмыс жоспарына қол қою арқылы нақтылады.

Қол қойылған құжат кәсіпкерлік қызметпен байланысты істерде сот практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеуді көздейді. Палата, өз тарапынан, кәсіпкерлердің өз қызметінде жасаған ең көп тараған типтік қателіктерін талдап, жүйелейді. Бірлесе отырып, бизнес-қауымдастық пен облыстық сот Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлейтін болады.

Бизнесті прокурорлардың қадағалауы

Түркістан облысының прокуратурасы мен Өңірлік Палата арасындағы келісім аясында бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Негізгі міндет - мемлекеттік органдар тарапынан бизнес-тексерулердің заңдылығын талдау және нәтижеге сүйене отырып, тиісті прокурорлық шаралар қабылдау.

Бұдан басқа, құқықтық актілердің талаптарын сақтауға және жер қатынастары мен құрылыс саласында рұқсат беру құжаттары кезінде әкімдіктің өз міндеттерін орындалуына бағалау жүргізу жоспарлануда.

Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру

Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылындағы жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін мемлекеттік функциялары бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айқындау және жолын кесу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылады.

Қол қойлыған үш меморандум шеңберінде тараптар кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен тосқауылдарды анықтау, оларды шешу бойынша кешенді шаралар әзірлеу, бақылау – қадағалау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер жүргізу фактілерін жою, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау және кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау жөніндегі жұмыстарды нығайтатын болады.

Соттың, прокуратураның және Агенттіктің Палатамен тығыз байланысы – мемлекеттің бизнеспен табысты ынтымақтастығының кепілі болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер