«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастықты нығайтуда

2018 жылғы 20 Қараша
- Түркістан облысы
11510 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық соты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Іс-шараға Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директоры Олжас Қаржауов және өңірдің бизес өкілдері қатысты.

Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты – дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша бірлескен іс-шаралар. Құқық үстемдігі қағидаттарына, әділеттілікке және ашықтыққа негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы жүйелік ынтымақтастық.

Тараптар келесі бағыттарда өзара ынтымақтасады: кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңнаманы одан әрі жетілдіру, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, экономикалық сипаттағы дауларды альтернативтік және сотқа дейінгі қарау нысандарын ұйымдастыру және жүргізуге әдістемелік және құқықтық көмек көрсету, кәсіпкерлердің сот жүйесі қызметі туралы хабардар болуын арттыру.

Кездесуді ашқан Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов қатысушыларға елде кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Түгел Бегімбетов кәсіпкерлерге бітімгерлік рәсімдерінің артықшылықтары мен жүргізілу барысын  ұдайы түсіндіру қажеттігін және бұл жұмыс бірлескен күш-жігермен жалғасатынынын атап өтті. Соттар түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға дайын.

«Меморандумға қол қою ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне жетуімізге мүмкіндік береді, өйткені бірлесіп жұмыс істеудің  болашағы үлкен. Бизнес бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі қозғалтқышы болып табылады, сондықтан жаңа құжат өте маңызды. Кәсіпкерлер дауды сотқа дейінгі реттеу мүмкіндіктері мен сот жүргізу процесінде жақсы бағыт алатын болады», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов.

Бизнес және сот құрылымдары бірлескен күш-жігермен кәсіпкерлік қызметке байланысты дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын дамытуға және нығайтуға ниетті. Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сот ағымдағы жылға бірлесіп жұмыс жасау жоспарына қол қою арқылы осындай келісімге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер